Жарнама
Жарнама

«Титулды жекпе-жексіз тартып алғысы келеді»: Әлімханұлы Бентлиге жауап қатты

Редактор
Бүгін, 15:01

Бентли WBO-дан қазақстандық боксшыны чемпиондық белбеуден айыруды сұраған

Getty Images

Орта салмақта World Boxing Organization тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпион атанған британиялық Дензел Бентлидің мәлімдемесіне жауап қатты.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы ағзасынан мельдоний табылуына байланысты уақытша дисквалификация жазасын өтеп жатыр. Осы жағдайды пайдаланған Бентли WBO басшылығына жүгініп, қазақстандық боксшыны чемпиондық белбеуден айырып, өзін толыққанды чемпион деп тануды талап еткен еді.

Алайда Жәнібек қарсыласының бұл әрекетін жауапсыз қалдырмады.

— Қазір ол менің ресми қарсыласым. Бірақ титулды жекпе-жексіз тартып алғысы келеді. Енді жұрттан қолдау сұрап отыр. Неге? Себебі ол менімен жұдырықтасудан қорқады, — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Дензел Бентли WBO-ның уақытша чемпионы атағын венесуэлалық Эндри Сааведрамен болған жекпе-жекте жеңіске жету арқылы иеленген. Ұйымның ресми шешіміне сәйкес, дисквалификация мерзімі аяқталған соң Жәнібек Әлімханұлы дәл осы британиялық боксшымен міндетті түрде титулын қорғауы тиіс.

Реклама
Реклама