Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогында үшінші орынға тұрақтады

Редактор
Бүгін, 11:37

Боксшыларымыз турнирде барлығы жеті медаль жеңіп алды

ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңі Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі аяқталды.

Боксшыларымыз турнирде барлығы жеті медаль жеңіп алды: үш алтын, бір күміс және үш қола. Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Көш басында турнир қожайыны – Бразилия құрамасы (4 алтын, 5 күміс) болса, екінші орынды Қытай боксшылары иеленді (4 алтын, 1 қола).

Жарыс барысында ең даулы сәттердің бірі Мұхаммедсабыр Базарбайұлының 1/8 финалдағы жекпе-жегінде тіркелді. Ол франциялық Уго Грауға қарсы кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Алайда кейін World Boxing сарапшылары кемінде екі раундта қазақстандық боксшы басым болғанын мойындады.

Соған қарамастан, жекпе-жек нәтижесі өзгертілмеді. Ал қарсыласына жеңісті берген үш төрешінің екеуі турнир соңына дейін қызметінен шеттетілді.

Реклама
Реклама