Қамшыбек Баходирды бір-ақ соққымен құлата алады – Бауыржан Рысбек

Редактор
22.10.2023, 10:56

Қоңқабаев Азия ойындарының финалында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Фото ашық дереккөзден

Ұлттық құрамадағы жігіттердің әбден еңсесі түсіп кеткен. Олармен психологиялық тұрғыдан дайындалып, жігерлендіру қажет. «Бірінші бол» YouTube-каналында спорт сарапшысы Бауыржан Рысбек осындай ойымен бөлісті. Оның айтуынша, кейінгі кезде ұлттық құраманың сәтсіз өнер көрсетуінің басты себебі осы. 

«Мәселен, Қамшыбекті алайық. Мен Джалолов Баходирды қалай жеңуге болатынын білемін. Қамшыбекпен менталды тұрғыда қалай жұмыс істеу керегін білемін. Қамшыбек Баходирді бір-ақ ұрып құлата алады. Соққысы өте жақсы. Бірақ әзірге ол мүмкін емес. Өйткені боксшыларымыз менталдық тұрғыдан әлсіз. Қамшыбек бірінші рет жеңілген кезде мен оны шақырғанмын. Қайда жүрсің өзі, келсейші, бірге жұмыс істейік дедім. Жалпы әр боксшыға осылай айтамын» - дейді спорт сарапшысы.

Еске салайық, биыл қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан боксшылары сәтсіз өнер көрсетті. Финалға шыққан жалғыз Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сында өзбек боксшысы Баходир Жалоловтан жеңіліп қалды.