Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зауырбек Аустралиядағы жекпе-жекке қызу дайындалып жатыр

Редактор
16.05.2026, 11:40

Танымал боксшы оқу-жаттығу жиынын Лондонда өткізіп жатыр

Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) алдағы маңызды жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу залынан видео жариялады. 

«27 маусым. Аустралия. Қарқынды дайындық жүріп жатыр», — деп жазды Зауырбек.

Қазіргі таңда «Қазақ королі» лақап атымен танымал боксшы оқу-жаттығу жиынын Лондонда өткізіп жатыр. Ол Ұлыбританияға сәуір айының басында барған болатын.

Сұлтан Зауырбек 27 маусым күні Аустралияның Перт қаласында жергілікті боксшы Джексон Инглэндпен (19-3, 10 KO) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесі үшін қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін былтыр сәуір айында өткізіп, оңтүстікафрикалық Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Сол кездесуде Зауырбек IBF Global белбеуін иеленген болатын.

Реклама
Реклама