Өзбекстандағы этникалық қазақ боксшысы Қазақстанға қоныс аударды

Редактор
20.02.2024, 18:01

Ол 71 келіде өнер көрсетеді

instagram.com/amankonsbekov

Өзбекстан боксшысы – этникалық қазақ Аман Қонысбеков тарихи отанына оралды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі qandas_sportshilar парақшасында жазылған.

Айта кету керек, Аман Қонысбеков Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері және халықаралық турнирлердің жүлдегері. 

Ол Өзбекстанның Навои облысы Зафарабад ауылында дүниеге келген. Көрші ел чемпионатында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрді. Ол өткен жылы аталған салмақта Өзбекстан біріншілігінің жартылай сынында Асадходжа Муйдинходжаевты бірінші раундта нокдаунға түсіргенмен, финалға өте алмаған еді. 

Боксшы Астанаға тұрақтаған. Алайда ол ел чемпионатында Түркістан облысының атынан сынға түсуі мүмкін. 

Қазіргі уақытта Аман Қонысбеков еліміздің былғары қолғап шеберлерімен қатар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.