Жарнама
Жарнама

«Бес ай дайындалдым». Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегі соңғы сәтте тоқтатылды

Редактор
Бүгін, 12:24

Эргашев пен Жүкембаев арасындағы жекпе-жек тағы да өтпейтін болды

әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев өзбекстандық Шохжахон Эргашевке қарсы жоспарланған жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жекпе-жектің тоқтатылғаны туралы хабарды айқасқа санаулы күндер қалғанда алған.

«Бүгін мен үшін жағымсыз жаңалық келді. Өкінішке қарай, жекпе-жек болмайтын болды. Бұл хабарды кездесу күні жақындап қалған кезде естідім. Барлығыңыз білесіздер, соңғы бес ай бойы осы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, айқасқа жүз пайыз дайын болуға тырыстым. Алайда жекпе-жектің өтуі немесе өтпеуі маған байланысты емес. Өкінішке қарай, осындай жағдай қалыптасты», – деді Жүкембаев.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл жағдайдың өзіне кері әсер етпейтінін жеткізді.

«Бес айлық еңбегім зая кетті деп қол қусырып отырмаймын. Керісінше, мұндай сынақтар мені одан әрі шыңдай түседі. Алда әлі жақсы жаңалықтар болады деп сенемін», – деді ол.

Еске салайық, Батыр Жүкембаев пен Шохжахон Эргашев арасындағы жекпе-жек 6 маусым күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтуі тиіс болатын. Бұған дейін айқас 9 мамырға жоспарланғанымен, кейін кейінге шегерілген еді.

Реклама
Реклама