Жарнама
Жарнама

Нұрбек Оралбай қарсыласын нокаутқа жіберіп, әлем кубогін жеңіспен бастады

Редактор
Бүгін, 09:53

Енді Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен кездеседі

ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Қытайда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, ширек финалға жолдама алды.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері мен әлем чемпионы алғашқы айналымда оңтүстіккореялық Ким Гичхэмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Оралбай қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен сенімді жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы 1/4 финалға мерзімінен бұрын өтті.

Енді жартылай финал жолдамасы үшін Нұрбек Оралбай Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен кездеседі.

Реклама
Реклама