Жарнама
Жарнама

Назым Қызайбай жартылай финалға өтті

Редактор
Бүгін, 11:39

Назым Қызайбай Әлем кубогында реванш жасады

ҰОК

Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екендігін дәлелдей білді. Қорытынды есеп: 4:1.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2 ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.

Реклама
Реклама