Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты
Екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты.
Отандасымыз жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінің нағыз шешуші бәсекелері басталады. 44 елден 300 спортшы қатысуға ниет білдіргендердің арасынан 1/4 финалға 29 ел ары қарай жарысты жалғастырады.