Жарнама
Жарнама

Назым Қызайбай Әлем кубогінің чемпионы атанды

Редактор
Бүгін, 09:58
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қытайдың Гуянь қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінде қазақстандық даңқты спортшы Назым Қызайбай чемпион атанды. 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз финалда италиялық Сирин Шаарабиден басым түсті.

Үш раундтың нәтижесінде төрешілер 4:1 есебін тіркеген. Бұл – қос боксшының өзара алғашқы жекпе-жегі. Финалға дейін Назым үш рет рингке шығып, үшеуінде де қарсыластарын қиындықсыз жеңген болатын.

Айта кету керек, World Boxing ұйымдастырып жатқан Әлем кубогінде Назым Қызайбай осымен екінші рет чемпион атанып отыр. Былтыр Астанада өткен кезеңде ол 48 келіде алтын медаль жеңіп алған еді.

Бүгін жарыс жолына Қазақстанның тағы төрт бокшысы шығады. Қыздар арасында Виктория Графеева алтын жүлдеге таласса, ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

Реклама
Реклама