Жарнама
Жарнама

Айбек Оралбай Әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы болды

Редактор
21.06.2026, 18:20

Қазақстандық боксшы финалда 5:0 есебімен үстем түсті

ҰОК

Әлем чемпионы, аса ауыр салмақтағы басты фавориттердің бірі Айбек Оралбай Әлем кубогының финалында Германия өкілі Никита Путиловпен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да кездескен болатын. Ол жолы да жеңіс Айбек Оралбайдың еншісінде қалған еді.

Турнирдегі жолы:

1/8 финал: Нажай Райт (АҚШ) – 5:0
1/4 финал: Мэтью Уильямс (Ұлыбритания) – 5:0
1/2 финал: Жоел Рамос (Бразилия) – 3:2
Финал: Никита Путилов (Германия) – 5:0

Реклама
Реклама