Жарнама
Жарнама

Қазақ боксшысы Дусматовтың інісін құлатып, алтынға таласады

Редактор
Бүгін, 17:22

Фариозбек Дусматов турнирді қола жүлдемен аяқтады

Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек жастар арасындағы (U-23) Азия чемпионатының финалына шықты.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Бексұлтан өзбекстандық Фариозбек Дусматовпен қолғап түйістірді. Тартысқа толы өткен кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің 3:2 есебімен шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Осылайша, Фариозбек Дусматов турнирді қола жүлдемен аяқтаса, Бексұлтан Боранбек Азия чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медаль үшін таласатын болды.

Айта кетейік, жастар арасындағы (U-19 және U-23) Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлық біріншілігінде Қазақстан намысын U-19 және U-23 құрамаларының 39 боксшысы қорғауда.

Реклама
Реклама