Әлімханұлының жазбасы көпшіліктің назарын аударды
Қазақстандық боксшы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында жанкүйерлеріне әсерлі жазба арнады.
Қазақ боксшысы чемпиондық белбеулерімен түскен суретін жариялап, спортшының жолы мен артында қалатын мұрасы туралы ой бөлісті.
«Қиындықтар өтеді. Сынақтар аяқталады. Сізді тоқтатуға тырысқандар да уақыт өте ұмытылады. Бірақ чемпиондар ешқашан ұмытылмайды. Олардың нокауттары мен рингте қалдырған мұрасы мәңгі өмір сүреді», – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсетеді және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады. Әуесқой бокста әлем чемпионы, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғаған.
Кәсіпқой рингте Әлімханұлы бүгінге дейін 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.