Жарнама
Жарнама

Махмұд Сабырхан атақты Пакьяоны чемпион еткен бапкермен жүздесті

Редактор
Бүгін, 16:00

Боксшы арманы одан сайын асқақтай түскенін атап өтті

Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан әйгілі америкалық бапкер Фредди Роучпен кездесіп, әлеуметтік желіде бірге түскен суретін жариялады.

Екі дүркін әлем чемпионы аңыз жаттықтырушымен жүздесуді ерекше сәттердің бірі деп атап, бұл кездесу өзіне үлкен мотивация бергенін жеткізді.

«Аңыз адамның қасында тұрғанда арман үлкейеді. Freddie Roach қолында дайындалған Pacquiao 8 салмақта чемпион болды. Алла қаласа сол табандылықты, сол еңбекті, сол жеңісті Пакьяо сияқты халықтың мақтанышы болайық», – деп жазды Сабырхан.

Айта кетейік, Фредди Роуч – әлемдік бокстағы ең атақты бапкерлердің бірі. Ол мансабында Мэнни Пакьяоны сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атандырып қана қоймай, Владимир Кличко, Мигель Котто, Амир Хан, Гильермо Ригондо, Джеймс Тони және басқа да танымал боксшылармен жұмыс істеген.

Роуч жеті рет Boxing Writers Association of America (BWAA) нұсқасы бойынша «Жыл бапкері» атанып, 2012 жылы Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді.

Махмұд Сабырхан – Қазақстан тарихындағы ең табысты әуесқой боксшылардың бірі. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен IBA әлем чемпионатында және 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алса, 2021 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Реклама
Реклама