Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин ресейлік боксшылардың Олимпиада мен Әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді

Редактор
Бүгін, 10:04

Ресейлің Украинаға қарсы ашқан соғысынан кейін елдің барлық спортшылары халықаралықө жарыстардан шеттетілген еді

world boxing

World Boxing федерациясы Ресей боксшыларына барлық халықаралық жарыстарға ұлттық туымен және әнұранымен қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы Ресейдің спорт министрі, Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев мәлімдеді.

«Ресей боксы әлемдік аренаға қайта оралып жатыр. World Boxing біздің спортшыларға барлық жас санатында халықаралық жарыстарға ұлттық ту мен әнұран аясында қатысуға рұқсат берді. Ресей бокс федерациясы WB ұйымының толыққанды мүшелігіне 2026 жылдың басында қабылданды.

Қалыпты спорттық байланыстарды қалпына келтіру мәселесін біз World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде талқыладық.

Халықаралық федерацияның бұл шешімі ерекше маңызды. Себебі дәл осы World Boxing ұйымына Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін өткізу құқығын берген. Ресей бокс федерациясының WB ұйымындағы толыққанды мүшелігі ресейлік былғары қолғап шеберлеріне халықаралық жарыстар күнтізбесіне, соның ішінде Олимпиада цикліне толыққанды қатысуға жол ашады.

Біз ресейлік спортты әлемдік спорт қауымдастығына кезең-кезеңімен қайта интеграциялау жұмысын жалғастырып жатырмыз», — деп жазды Дегтярев өзінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресей Олимпиада комитетінің (ОКР) мүшелігін қалпына келтіріп, халықаралық федерацияларға ресейлік спортшылардың жарыстарға қатысуына қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынған болатын.

Еске салайық, 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кіріп, басқыншылық соғысын бастағалы бері халықаралық спорт федерациялары бұл елдің спортшыларын барлық жарыс түрлерінен шеттеткен болатын.

Реклама
Реклама