Жарнама
Жарнама

Бек Нұрмағанбет Канелоның бокс кешінде жұдырықтасуы мүмкін

Редактор
01.08.2026, 20:09

Қазақстандық боксшы Эр-Риядтағы ірі бокс кешіне дайындалып жатыр

Әлеуметтік желі

қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (16-0, 14 KO) келесі жекпе-жегін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін ірі бокс кешінде өткізуі мүмкін екенін айтты.

Боксшының сөзінше, менеджерлер командасы алдағы жоспарды әзірлеп қойған.

«Мен қазақстандық менеджерлермен жұмыс істемейтіндіктен, олардың барлық жоспарын толық біле бермеймін. Бірақ олар алда үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. 31 қазанда Эр-Риядта Канело жұдырықтасатын бокс кеші өтеді. Егер бәрі сәтімен болса, мен де сол кеште шаршы алаңға шығамын. Әзірге қарсыласым белгісіз, бірнеше үміткер қарастырылып жатыр», – деді Нұрмағанбет.

Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін Алматыда ресейлік Артыш Лопсанға (14-4-2, 9 KO) қарсы өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Айта кетейік, Нұрмағанбет әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып, мексикалық жұлдыздың тұрақты спарринг-серіктесі ретінде де танымал.

Реклама
Реклама