Жарнама
Жарнама

«Канелоны шайнамай жұтамын»: Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 13:24
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Кәсіпқой бокстан супер орта салмаққа ауысқан Жәнібек Әлімханұлы мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альвареске қатысты батыл мәлімдеме жасады.

Qazaq Style Альвареспен жұдырықтасқан жағдайда оны «шайнамай жұтатынын» мәлімдеп отыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Кей жанкүйерлердің кқкейінде Жәнібек Канелоны ұта алады ма екен деген сұрақтар бар сияқты. Егер канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда оны шайнамай жұтамын. Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтамын, мен өз деңгейімді және оның деңгейін білемін. Қазақтар осал емес. Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз», - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кету керек, Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа биыл ғана ауысты. Бұған дейін орта салмақ дәрежесінде ол IBF және WBO тұжырымдарының чемпоны болған. 2025 жылдың соңында допинг қолданғаны анықталып, ол 1 жылдық дискваликация алды.

Реклама
Реклама