Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин жаңа қызметке сайлануы мүмкін

Редактор
Бүгін, 11:02

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады

olympic.kz

Даңқты боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді.

Оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті деп хабарлады Olympic.kz. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі - Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Реклама
Реклама