Жарнама
Жарнама

«Одан да мықтылармен кездестім»: Рамос Мейірім Нұрсұлтановтың әлсіз тұсын атады

Редактор
01.09.2026, 12:28

WBC чемпионы Нұрсұлтановтың деңгейіне баға берді

1bol.kz

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.

Қос боксшы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында кездеседі. Рамосқа тиесілі уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады. 

Америкалық боксшы Нұрсұлтановты мықты қарсылас санайтынын, бірақ оны мансабындағы ең күрделі сынақ деп есептемейтінін айтты.

«Шынымды айтсам, олай ойламаймын. Мен бұған дейін Владимир Эрнандес, Джейсон Росарио және Шейн Мосли кіші секілді өте мықты боксшылармен кездестім. Олар да осал қарсыластар болған жоқ. Мейірім де рингке жеңіске деген зор ынтамен шығады. Бірақ оның бірнеше жылдан бері жекпе-жек өткізбегенін ұмытпау керек», – деді Рамос Felipe CorralTV арнасына берген сұхбатында.

20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен Мейірім Нұрсұлтанов рингке үш жылға жуық үзілістен кейін оралады. Ол соңғы рет 2023 жылдың қарашасында Ташкентте чилилік Карлос Аламосты төрешілер шешімімен жеңген еді.

Рамосты жеңген жағдайда қазақстандық боксшы WBC-дің толыққанды чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Реклама
Реклама