Жарнама
Жарнама

Мұхаммед Әлидің «ең төзімді қарсыласы» Джордж Чувало қайтыс болды

Редактор
Бүгін, 10:50

Чувало кәсіпқой рингтегі жолын 1956 жылы бастаған

fightnews.info

Канадалық бокстың аңызы Джордж Чувало 89 жасында дүниеден өтті. Ол 12 қыркүйекте, өзінің туған күнінде қайтыс болған. Спортшының өліміне не себеп болғаны әзірге жарияланған жоқ.

Чувало кәсіпқой рингтегі жолын 1956 жылы бастаған. Мансабында 93 жекпе-жек өткізіп, 73 рет жеңіске жетті. Оның 64-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ 18 кездесуде жеңіліп, екі жекпе-жекте тең түскен.

Канадалық боксшының ең таңғаларлық жетістігі – 93 жекпе-жектің ешқайсысында нокдаунға түспеуі. Осы төзімділігінің арқасында ол бокс тарихындағы ең мықты «иек» иелерінің бірі саналды.

Чувало әйгілі Мұхаммед Әлимен екі рет жұдырықтасты. Екі кездесуде де төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілгенімен, жекпе-жектерді соңына дейін өткізді. Кейін Мұхаммед Әли оны өзі кездескен ең төзімді қарсылас деп атаған.

Ол мансабында Джордж Форман және Джо Фрейзер секілді тағы бірнеше әйгілі чемпионмен қолғап түйістірді. Екі рет әлем чемпионы атағына таласып, ауыр салмақта Канаданың бес дүркін чемпионы атанды.

Реклама
Реклама

Материалда: