Бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуді қалайтынын айтқан болатын
Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының «Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырамын» деген мәлімдемесіне boxingscene.com журналисі Ханс Темистоуд пікір білдірді.
Айта кетейік, мексикалық боксшы супер орта салмақта абсолютті чемпион.
«Егер Әлімханұлы Альвареспен жекпе-жекке қол жеткізгісі келсе оған ең алдымен алғашқы орта салмақты уақытша ұмытып, салмағын сегіз футқа көтеру керек. Екіншіден, Әлімханұлы салмағын көтерген күннің өзінде ол билетін алып, кезектің ең соңына барып тұруы керек.
Канело қазір кәсіпқой бокстағы ең жоғары сұранысқа ие боксшы. Оның IBF, WBO, WBC және WBA чемпиондық белбеулері өз алдына, мексикалық чемпионмен жұдырықтасу – өте мол табыс алып келеді», – деп жазды журналист.
Еске салайық, жуырда ғана АҚШ-та неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жеңген Жәнібек Әлімханұлы өзінде бар WBO белбеуіне және IBF чемпиондық белбеуін қосып алды. Осы жекпе-жектен кейін ол өз салмағында абсолютті чемпион атанып, болашақта Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуды жоспарлайтынын айтқан.