Келесі жекпе-жегін ол оңтүстіккореялық боксшымен өткізеді
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде 92 келіде шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.
Ұлттық құрама мүшесі алғашқы айналымда үнді боксшысы Санжит Санжитпен өзара мықтыны анықтаған болатын.
Айта кететін жайт, қос боксшы да Азия чемпионатыынң жеңімпазы. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді.
Айбек Оралбай екінші кездесуін 8 наурыз күні оңтүстікореялық Хан Ул Жангқа қарсы өткізеді.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Нұрбек Оралбай, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантқан еді. Сондай-ақ, Римма Волосенко да үшінші жеңісіне қол жетікізіп, ширек финалға жолдама алды.