Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Майк Тайсон өзінен 30 жас кіші жігітпен жұдырықтасады

Редактор
08.03.2024, 01:52

Соңғы рет «темір» Тайсон 2020 жылы рингке шыққан

Чемпионат

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған даңқты Майк Тайсон танымал блогер Джейк Полмен жұдырықтаспақшы. Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесімен өтеді.

58 жасқа аяқ басқан «темір» Тайсон бұған дейін жаттығу залында қызу дайындық жасап жүрген видеоларымен әлеуметтік желіде бөліскен болатын.

Жекпе-жек Даллас қаласындағы (АҚШ) «Эи-ти-энд-ти Стадиум» стадионында 20 шілдеде өтеді. Бұл аренаға 105 мың көрермен сыяды. Ал, бокс кешін Netflix тікелей эфирде көрсетеді.

«Мен 20 шілдені асыға күтемін. Әлем чемпионы болуға әрдайым тырысатынмын, міне, енді өзімді көрсететін керемет мүмкіндік туып отыр: мен әлемдегі ең ұлы боксшы, аса ауыр салмақтағы ең даңқты чемпион, ең қауіпті адаммен жұдырықтасамын. Темір тайсонды ұйықтататын кез келді», - деп жазды блогер Джейк Пол.

Еске салайық, соңғы рет Майк Тайсон рингке 2020 жылы әйгілі Рой Джонсқа қарсы шыққан еді. Ол кезде төрешілер тең нәтиже тіркеп, Тайсонның ашуын туғызған болатын. Ол өзінің аталған жекпе-жекте айқын жеңгеніне сенімді еді.

27 жастағы Джейк Пол да бокспен шұғылданады. Ол 10 жекпе-жек өткізіп, оның тоғызында жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама