Қытайдың қазақ боксшысы лицензиялық турнирде жеңіліп қалды

Редактор
11.03.2024, 18:53

Ол аталған жарысқа Қытай құрамасын бастап келген

Фото ашық дереккөзден

Қытайдың этникалық қазақ боксшысы Данабек Байғазы Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында сүрінді.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Данабек Норвегия боксшысы Омар Мохамед Шинамен жұдырықтасқан. Қазақ боксшысының қабағы жыртылып кетіп, рефери жекпе-жекті екі раундтан кейін тоқтатты, ал жеңісті норвег боксшысына берді.

Айта кетейік, Данабек Байғазы аталған жарысқа Қытай құрамасын бастап келген. Оны енді келесі лицензиялық жарысқа апара ма, жоқ па – ол жағы белгісіз.