Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тағы бір жолдамасын салды

Редактор
12.03.2024, 01:03

Ол 57 келіде ел намысын қорғайды

Қазақстан бокс федерациясы

Талантты қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан (57 кг) Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында жерлесіміз тәжік боксшысы асрор Вохидовты жеңді.

Айта кету керек, Махмұд Сабырхан 57 келіге салмағын жуырда ғана ауыстырды. Қарсыласының біршама ірі болғанына қарамастан ол қолды-аяққа тұрмай, үш раунд бойы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті және Олимпиада жолдамасын бірауыздан Сабырханға берді.

Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының бес лицензиясы бар. Олар: әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова, ал ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр салмақта Айбек Оралбай, жеңіл салмақта Сәкен Бибосынов және бұлардың қатарын Махмұд Сабырхан толықтырды.