Санжар Тәшкенбай Сербиядағы турнирдің финалына шықты

Редактор
16.03.2024, 11:44

Жарысты ол бірден жартылай финалдан бастаған еді

olympic.kz

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бостан Бранко Пешич дәстүрлі халықаралық мемориалы аяқталуға жақын. Кеше шаршы алаңға 5 жерлесіміз шығып, төртеуі жекпе-жекті жеңіспен аяқтады деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

51 келіде Санжар Тәшкенбай испаниялық Рафаэл Лонсанодан басым түсті. Дегенмен, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бес төрешінің екеуі қарсыласты басым болды деп санап, хаттамада 3:2 есебі тіркелді. Осылайша Санжар Belgrade winner турнирінің финалына шықты.

Сондай-ақ, 54 келідегі Дәулет Молдашев те финалда айқасады. Ол жартылай финалда армениялық Жираир Саргисяннан басым түсті. Есеп 5:0. 

Сонымер қатар, 92 келіде Данияр Рахымбердинов пен аса ауыр салмақтағы Олжас Боқаев ширек финалдық жекпе-жектерін өткізіп, қарсыластарын тізе бүктірді. Өкінішке қарай, 60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Бибарыс Жексеннің жолы болмады. Ол армениялық боксшы Артур Гагаряннан жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызға дейін жалғасатын турнирде әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы Белградқа 12 боксшымен барды. Бүгін турнирдің төртінші күні, жарысты сегіз боксшымыз жалғастырып жатыр.