«Біз болашақты көрдік»: Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі туралы айтты

Редактор
18.03.2024, 01:05

Қазақ боксшысында екі чемпиондық титул бар

sports.kz

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген британдық боксшы Хамза Шираз (19-0, 15 KO) жуырда Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) болған кездесуі туралы айтты. Джошуа – Нганну жекпе-жегіне қонақ болған қос боксшы ринг сыртында face to face рәсімін өткізген болатын. Мұнан кейін спорт сарапшылары жаппай бұл екеуінің арасында жақын күндері чемпиондық кездесу болатынын болжап жазуда.

Шираздың өзі болса бұл рәсімді тек камера үшін жасағанын, Жәнібекке қатысты нақты жоспары жоқ екенін айтып отыр.

«Біздің бетпе-бет кездесуіміз камера үшін болған рәсім ғана. Ол менің, мен оның көзіне қарадым. Біз болашақты көрдік!

Жәнібек екеуміз бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Егер қос тарап келісіп жатса, керемет жекпе-жек күтіп тұр», - деді Хамза Шираз.

24 жастағы британдық боксшы қазір WBO рейтингінде бірінші орында тұр. Ол WBC Silver қосалқы чемпиондық титулының иегері. Соңғы жекпе-жегінде Лиам Уильямсты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы болса орта салмақта WBA/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол былтыр қазан айында соңғы жекпе-жегінде неміс Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.