Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан боксшылары Литвада өтетін халықаралық турнирге аттанды

Редактор
20.03.2024, 11:50
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақ боксшылары Литва астанасы Каунаста өтетін Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирге қатысады деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналатын бұл турнир наурыздың 21-і мен 23-і аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы мына құрамда бақ сынайды:

  • 51 келі: Даниял Сабит;
  • 54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
  • 57 келі: Асылжан Серікбай
  • 60 келі: Алмат Әбдуәли
  • 63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
  • 67 келі: Елнұр Сүйінбай
  • 71 келі: Фарух Тохтасунов
  • 75 келі: Азамат Бектас
  • 80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
  • 92 келі: Абзал Құттыбеков
  • 92+ келі: Аманат Сабырғали

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар тобы Бакуде өтетін турнирге қатысқалы жатыр. Жарыс 23 наурызда басталып, онда әлемнің он елінен жүзден астам боксшы бақ сынайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: