Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Каунастағы турнирде тағы бес боксшы алтыннан алқа тағынды
Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Каунаста (Литва) өткен Альгирдас Шоцикас халықаралық турнирінде алтын жеңіп алып, жарыстың үздік спортшысы деп танылды, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.
Бұл турнирде 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тоқтасынов алдымен поляк Матеуш Урбанды жеңіп, одан кейін украиналық боксшы Александр Трофимчукты ұтып, финалда Украинаның тағы бір өкілі Максим Молоданнан мықты болды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Каунастағы турнирде тағы бес боксшы алтыннан алқа тағынды: Асылжан Серікбай (57 келі), Жандос Қыдыралиев (63,5 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Азамат Бектас (75 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (80 келі).