Бакудегі турнирде қазақстандық Бекзат Таңатар өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды

Редактор
25.03.2024, 20:15

Ол енді финалға жолдама үшін барын салады

Қазақстан бокс федерациясы

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық Бекзат Таңатар (86 кг) өзбек қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Аса тартысты өткен сында қос боксшы да аянып қалған жоқ. Өзбекстан өкілі Самандар Жалолов бұл жарысқа алтын медаль үшін келген болатын. Алайда, қазақстандық жас боксшыдан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына шыққан Талғат Сырымбетов (60кг) пен Дархан Дүйсебай (71 кг) да жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, кеше Қазақстан құрамасынан рингке шыққан алты боксшының төртеуі жеңілді. Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Серік Теміржанов пен Қамшыбек Қоңқабаев бар.