Баходир Жалолов Қоңқабаевты жеңген ресейлікті ұтып, жарыстың финалына шықты

Редактор
27.03.2024, 12:57

Бұл – боксшылардың Олимпиада алдындағы дайындық турнирі

olympic.uz

Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» турнирінің жартылай финалында өзбекстандық даңқты боксшы Баходир Жалолов (+92кг) ресейлік Рамазан Карнукаевты жеңіп, финалға шықты.

Үш раундқа созылған жекпе-жек өзбек боксшысының басымдығымен өтті. Төрешілер де бірауыздан Жалоловтың жеңгенін растап, оның қолын көтерді.

Айта кету керек, Карнукаев жарыстың бірінші күні қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген болатын. Ресей боксшысы осы жеңісінің арқасында жарыстың қола жүлдегері атанып отыр. Ал, Жалолов болса басты фаворит ретінде чемпиондыққа таласады.