Бүгін Бакудегі турнирдің финалында қазақ-өзбек боксшыларының «айқасы» болады

Редактор
28.03.2024, 08:54

Жарысқа қатысқан әлем чемпионатының жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов бірінші айналымда жеңіліп қалған еді

Қазақстан бокс федерациясы

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жолы» турнирі бүгін мәресіне жетеді. Жарыстың финалына қазақтың бес боксшысы шыққанын бұған дейін хабарлағанбыз. Ал, ақтық сында оларды әзірбайжан мен өзбек боксшылары күтіп тұр.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен 15:00-де басталады.

48 кг
Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Хасан Маликов (Әзірбайжан)

54 кг
Тимур Қабдешов (Қазақстан) – Хужаназар Нартожиев (Өзбекстан)

60 кг
Талғат Сырымбетов (Қазақстан) – Азрак Бабиров (Әзірбайжан)

71 кг
Дархан Дүйсебай (Қазақстан) – Бекзод Хамидов (Өзбекстан)

92 кг
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзірбайжан)

Еске салайық, аталған турнирге Қазақстан сапынан әлем чемпионатының жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов та қатысып, бірінші айналымда жеңіліп қалған болатын.