Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Редактор
01.04.2024, 20:42

Қазақ боксшысы даңқты промоутер Боб Аруммен жұмыс істеседі

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы 31 жасқа толды. WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионын Top Rank промоутерлік компаниясы арнайы құттықтады.

«ONE OF ONE. Happy birthday, @Janibek_Alimkhanuly!» - деп жазылған Top Rank компаниясының Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Top Rank промоутерлік компаниясы әлемдегі ең даңқты боксшылармен жұмыс істескен. Олардың қатарында Мэнни Пакьяо, Мохаммед Али, Хуан Мануэль Маркес, Оскар Де Ла Хойя, Флойд Мейвезер, Джо Фрейзер, Джордж Форман сынды аңыз спортшылар бар.

Жәнібек Әлімханұлы да Top Rank компаниясымен, оның ішінде промоутер Боб Аруммен жұмыс істеседі. Ол кәсіпқой бокста барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 10-ы нокатупен.