Спаррингтік турнирдің бірінші күнінде кімдер бақ сынайды?

Редактор
08.04.2024, 11:04

Алуа мен Назым үшін шешуші жекпе-жек болғалы тұр

olympic.kz

Бүгін Астанада Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу бәсекесі басталады.

Olympic.kz-тің жазуынша, 8 сәуірге жеті кездесу жоспарланған. Оның бірі финалдық жекпе-жек. Әйелдер арасында 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай өзара мықтыны анықтап, басым түскені лицензиялық турнирде бақ сынайды.

Бірінші жарыс күні шаршы алаңға шығатын жұптар:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ертуған Зейнулинов (63,5 келі, 1/4 финал)

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай (50 келі, финал)

Балауса Мұздыман - Жайна Шекербекова (54 келі, 1/4 финал)

Элина  Базарова - Ұлжан Сәрсенбек (54 келі, 1/4 финал)

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар (54 келі 1/4 финал)

Сәния Сұлтанқызы - Анель Сақыш (54 келі, 1/4 финал)

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова ( 66 келі, 1/4 финал).