Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ең сұлу боксшысы Балауса Мұздыман Астанадағы спаррингте жеңіліп қалды

Редактор
08.04.2024, 17:43

Ол енді кәсіпқой бокста мансабын қайта жалғастыруы мүмкін

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандағы ең сұлу боксшылардың бірі саналатын Балауса Мұздыман (54 келі) Париж Олимпиадасына бара алмайды. Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық турнирге іріктеу спаррингінде ол тәжірибелі боксшы Жайна Шекербековадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Жайна наурыз айында Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде ширек финалда жеңіліп қалған болатын. Дегенмен, ол өз мүмкіндігін енді Тайландта сынап көруі мүмкін. Ол үшін Шекербекова аталған спаррингтік турнирде тағы екі қарсыласты жеңуі тиіс.

Балауса Мұздыман соңғы бірнеше жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Бүгінге дейін ол үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Жайна Шекербекова болса әуесқой бокста Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі боксшыларының бірі. Ол әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (бір күміс, екі қола медаль), Азияның екі дүркін чемпионы.

Жарнама
Жарнама