Мұхаммедсабыр Базарбайұлы спаррингтік турнирдің финалына өтті

Редактор
09.04.2024, 16:22

Ол финалда Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады

Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бокстан өтіп жатқан спаррингтік сында 63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы финалға шықты.

Жартылай финалдық жекпе-жекте ол Жандос Қарабалиевтен төрешілер шешімі бойынша басым түіп отыр.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы үш раунд бойы үздіксіз шабуылдап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Енді ол Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Финалда жеңіске жеткен спортшы 20 мамырда Таиланд астанасы Бангкокте өтетін лицензиялық сынға жолдама алады.