«Шыдамым таусылды»: Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабы туралы айтты

Редактор
10.04.2024, 09:36

Ол менеджерімен болған даудан кейін IBA-мен жұмыс істеуге бел буған

Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусніов fight.ru тілшісіне сұхбат беріп, өз мансабындағы ұзақ үзіліске қатысты пікір білдірді.

Рио Олимпиадасының чемпионы кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін біраз қиындықтарға тап болған. Ол менеддерімен арада болған келіспеушілік салдарынан жылдар бойы рингке шыға алмай келеді.

«Мүлдем жекпе-жек болмай Matchroom Boxing-тен кетіп қалған кезіміз болды. Сосын менеджерлерім жекпе-жек ұйымдастыруға тырысты. Бірақ, түрлі себептермен болмай қалып жатты. Сәтсіздіктер бірінен соң бірі жалғасты. Менің шыдамым таусылды. Салдарынан бүгінгі күнге дейін сот ісі жалғасып, мәселе оң шешілмей келеді. Сондықтан мен уақытымды босқа жоғалтпай, IBA-мен жұмыс істесуге бел будым. 2023 жылы олармен бірге бір жекпе-жек өткізіп, ұзақ үзілісті үзгенімді білесіздер. Ал, қазір бұрынғы командаммен қайта байланысты реттеп, жұмыс істеуді жалғастырсақ деп жоспарлап отырмыз. Не ұсынатынын көреміз. Менің жасым биыл 33-ке толады, енді оңтайлы ұсыныс болмаса жұмысты жалғастырудың да қажеті жоқ. Боксшысының спорттық ғұмыры ұзақ емес, ол аяқталғаннан кейін мүлдем басқа өмір басталады», - дейді Данияр.

Ол бокстағы алдына қойған негізгі мақсаттарға жеткенін айтып отыр.

«Мен кәсіби боксқа ауысам деп жоспарлаған жоқпын, аяқасты қабылданған шешім болды. Кішкентайымнан Олимпиада ойындарының чемпионы болуды армандадым және сол арманыма жеттім. Жалпы, қазақ боксшылары Олимпиаданың жеті алтынын жеңіп алған, мен соның жетіншісімін», - деді даңқты боксшы.