Қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұл өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды

Редактор
15.04.2024, 12:26

Ал, Өзбекстан атынан жұдырықтасқан этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов мексикалық боксшыны жеңді

prosports.kz

Ташкентте өткен IBA Champions Night бокс кешінде рингке шыққан қазақстандық Сағадат Рахманқұл өзбек боксшысы Икболжон Холдаровтан жеңіліп қалды.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшылар алты раунд толық жұдырықтасып, төрешілер жеңісті ринг иесіне берді.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі Олимпиада және әлем чемпионы Хасанбой Дусматов пен испан Самуэль Кармон арасында өтті. Он раундқа созылған кездесу нәтижесінде өзбек боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, бұл күні Өзбекстан атынан жұдырықтасатын этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов та кезекті жекпе-жегін өткізіп, мексикалық Карлос Орнеласты ұпай санымен жеңді.

Айта кетерлігі, бокс кешінде өнер көрсеткен Өзбекстан боксшыларының бәрі түгел жеңіске жетті.