Жалғас Төкешов бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
22.04.2024, 23:54

Кеңес Рақышев президент қызметінен кеткеннен кейін оның орынбасарлары да ауысты

instagram.com/tukeshov_official/

Еліміздің бокс федерациясына бірінші вице-президент тағайындалды. Жаңа міндетке белгілі бокс қайраткері Жалғас Төкешов бекітіліп отыр.

«Жалғас Төкешов бокс жанкүйерлеріне танымал маман, көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқарған. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері», - деп жазылған федерация таратқан мәліметте.

Жақында ғана Қазақстан бокс федерациясы президентіні Кеңес Рақышев қызметінен кетіп, оның орнына Шахмұрат Мүтәліп сайланған болатын. Сонымен қатар, белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков федерацияға вице-президент болып қызметке кірісті.