Аты аңызға айналған Эвандер Холифилд Қарағандыдағы турнирге келеді

Редактор
03.11.2023, 12:17

Ол кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта төрт чемпиондық белбеуді иеленген

Фото ашық дереккөзден

Желтоқсан айының 17-21 күндері Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 39-шы халықаралық турнир өтеді. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бокс бәсекесіне құрметті қонақ ретінде аңызға айналған кәсіпқой боксшы Эвандер Холифилд келмек. Кезінде даңқты Майк Тайсонды екі рет ұтқан ол Қарағандыдағы әуесқой боксшылардың додасын тамашалауға аса ниетті болса керек. 

Эвандер Холифилд кәсіпқой бокстан супер аса ауыр салмақта 4 дүркін әлем чемпионы атанған бірегей боксшы. Сонымен бірге, әуесқойлар арасында Лос-Анджелес олимпиадасының қола, Панамерика ойындарының күміс жүлдегері.