Кәсіпқой бокста Қазақстан сапа жағынан Өзбекстаннан мықты – WBC

Редактор
24.04.2024, 12:14

Сан жағынан өзбек боксшылары алда

instagram.com/meiirim.nursultanov/

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінде ең үздік боксшылардың рейтингін жаңартты. Sportarena сайты ең үздіктердің арасында қазақ және өзбек боксшыларының орнына мән берген.

Қос елде де басқа тұжырымдар бойынша әлем чемпионы атанған боксшылар бар. Дегенмен, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу не қазақ, не өзбек боксшыларына тиесілі емес.

Дәл қазіргі таңда аталған рейтингте орта салмақта ең жоғары көрсеткіш Мейірім Нұрсұлтановта. Ол қазіргі таңда чемпиондық белбеуге басты үміткер. Дегенмен, осы тұжырымның чемпионы Джермалл Чарлоның Мейіріммен жекпе-жек өткізетін әзірге ешқандай жоспары жоқ.

Өзбек боксшылары сапа жағынан төмен болса да, санмен қазақ боксшыларынан озып кетті. Мәселен, осы WBC тұжырымында барлық салмақта ТОП-15 тізімде Өзбекстанның бес боксшысы бар. Олар: Муроджон Ахмадалиев (4-орын), Хасанбой Дусматов (6-орын), Шахрам Гиясов (11-орын), Баходир Жалолов (12-орын) және Бектемир Меликузиев (14-орын).

Ал, Қазақстаннан әзірге тек Мейірім Нұрсұлтанов қана.