«Канело» мен Де ла Хойя баспасөз отырысында төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

Редактор
02.05.2024, 11:18

Екеуі бұрын бірге жұмыс істескен

Fightnews.info

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен оның бұрынғы промоутері Оскар де ла Хойя (Golden Boy Promotions) төбелесіп қала жаздады. Бұл оқиға «Канело» – Мунгия жекпе-жегінің алдындағы баспасөз болған.

Өз сөзінде Де ла Хойя «Канелоның» танымал болуына тікелей әсер еткенін, бірнеше жыл бұрын ол Геннадий Головкинмен екінші айқас алдында допинг-тестілеуден өте алмаған кезде, дәл осы Мунгия Альварестің орнын басатын боксшы ретінде қарастырылғанын айтты.

«Канелоға» бұл оқиғаның көпшіліктің есіне қайта салынғаны ұнамай,  Оскарды испан тілінде балағаттай бастады. Сол жерде екеуі төбелесіп те қала жаздады.

«Канело» да қарап қалмай, бұрынғы промоутерін боксшылардың қалтасынан ақша ұрлады деп айыптады. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын GGG мен Golden Boy арасындағы алғашқы екі жекпе-жектің пайыздары төленбегені үшін тергеу жүргізілген.