Қазақстан Азия чемпионатында 13 салмақтың бәрінде финалға шықты

04.05.2024, 23:48

Финалдық кездесулер 6-7 мамыр күндері өиеді

Қазақстан бокс федерациясы

Астана қаласында өтіп жатқан бокстан 22-жасқа дейінгі және жастар арасында ASBS Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекесі аяқталды.

Жарыс қожайындары Қазақстан U-22 ерлер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, финалға толық құраммен шығып отыр.

Ерлер құрамасының финалдағы қарсыластары:

48 келі:

Ернар Қарап - Суреш (Үндістан)

51 келі:

Кенже Мұратұлы - Асылбек Жалилов (Өзбекстан) 

54 келі:

Нұрсұлтан Алтынбек - Оюн-Ердене Энхсайхан (Моңғолия)

57 келі:

Ерболат Сабыр - Нихил (Үндістан)

60 келі:

Руслан Күзеубаев - Акаш Рамеш (Үндістан)

63,5 келі:

Ерасыл Таңқай - Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан) 

67 келі:

Елнұр Сүйінбай - Малик Прит (Үндістан)

71 келі:

Сабыржан Аққалықов - Довуд Махманов (Тәжікстан)

75 келі:

Диас Молжігіт - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)

80 келі: 

Ерасыл Жақпеков - Хайс Ализада (Ауғанстан)

86 келі:

Темірлан Мұқатаев - Самандар Джалилов (Өзбекстан)

92 келі: 

Бекнұр Батырбек - Асхан Ризабек (Қытай ХР)

+92 келі:

Аманат Сабырғали - Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Қазақстан 13 боксшының барлығы финалға шықса, Өзбекстан мен Үндістаннан — 5, Моңғолия — 1, Тәжікстан — 1 Қытайдан — 1 боксшы өтті.

Бұған дейін ең көп алтынды 2022 жылы Өзбекстан алған (2022 жылы).

Айта кетейік, Азия біріншілігінің финалдық кездесулері 6-7 мамыр күндері өтеді.

Материалда: