Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен жеңімпаз анықталды
Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы (22 жасқа дейін) Азия чемпионатының финалында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық Ернар Қарап үнді боксшысынан жеңіліп қалды.
Вишвант Сурешпен болған жекпе-жекте қазақ боксшысы аянып қалған жоқ. Екеуі де үш раунд бойы жылдам соққылармен алмасқан. Нәтижесінде төрешілер жеңіске үнді боксшысы жетті деп шешім қабылдады. Ал, Ернар Қарап болса жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Айта кету керек, 57 келіде жұдырықтасқан Ерболат Сабыр да үнді спортшысынан жеңілді. Үшінші раундта оның қабағы жыртылып, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға бере салған. Мұнан кейін залдағы жанкүйерлер мен Ерболаттың бапкерлері наразылық танытса да, төрешілер шешімін өзгертпеді.