Қазақстанның ең мықты боксшылары Астанадағы спартакиадада бақ сынайды

Редактор
07.11.2023, 17:30

Оған әлем чемпиондары да қатысады

Фото ашық дереккөзден

Астанада бокстан ерлер арасында республикалық спартакиада өтетін болды. Аталған жарыс «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-19 қараша аралығында ұйымдастырылмақ.

Елордада ұйымдастырылатын жарысқа әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және өзге облыстардан 250-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысады.

Олимпиадалық жүйе бойынша 13 салмақ дәрежесіндегі сын ұлттық құрамаға спортшыларды іріктемек. Ал финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 19 қарашада анықталады. 

Спортакиада жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Бокс жанкүйерлері үшін жекпе-жекті тамашалау тегін.

4 жылда бір рет өтетін спартакиада 2019 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын.

Материалда: