Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тайсон Фьюри жеңілгеніне қарамастан Усиктен екі жарым есе көп гонорар алады

Редактор
19.05.2024, 10:54

Бұл ақшаның 1 млн долларын британдық боксшы соғыстан зардап шеккен Украинаға береді

Getty Images

Аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салған Александр Усик пен Тайсон Фьюридің қанша ақша алатынын белгілі болды.

The Independent басылымының жазуынша, жалпы жүлде қоры 150 миллион доллар болып бекітілген. Жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан бұл соманың 70 пайызын Тайсон Фьюри алса, қалған 30 пайызы Усикке тиесілі. Яғни, британдық боксшы шамамен – 105 млн доллар, украиналық – 45 млн доллар алады.

Жекпе-жек алдында қос боксшы өзара уағдаласып, Усик Фьюриді гонорарының 1 млн долларын Украинаға беруді көндірген екен.

Келісімшартқа сәйкес, Фьюри мен Усик биыл қазан айында матч-реванш өткізуі тиіс.

Жарнама
Жарнама