Мексикалық боксшының өзі көне ме, жоқ па – ол жағы белгісіз
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мексикалық әйгілі боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (60-2-2, 39 КО) әлі де болса жұдырықтасқысы келетінін айтты.
Оның сөзінше, бәрі ойдағыдай болса, келер жылы Жәнібек «Канеломен» рингте кездеседі.
«Менің ойымша, орта салмақта қазір мен қызығатындай ешбір боксшы қалмады. Мен енді тезірек төрт белбеуді біріктіріп, супер орта салмақта Канеломен кездесуім керек. Бұл жекпе-жек келесі жылы болады деп үміттенем. Бірақ, Канело менімен жұдырықтасқысы келе ме, ол жағы белгісіз. Көрерміз», - деп жазды Жәнібек X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, қазақ боксшысының келесі жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі тиіс. Оның қарсыласы – жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО).