«Бокс – классика»: Балауса Мұздыман алдағы жекпе-жегі және UFC-ге көзқарасы жайлы айтты

Редактор
28.05.2024, 18:09

Ол сондай-ақ, Усик пен Фьюри арасындағы алыптар айқасында кімге жанкүйер болғанын да айтып берді

Parimatch.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы – Parimatch амбассадоры Балауса Мұздыман 1 маусымда болатын жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ, ол жуырда ғана Эр-Риядта (БАӘ) өткен Тайсон Фьюри – Александр Усик кездесуінде кімге жанкүйер болғанын айтты. Қос боксшы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін ашық айқасқа түскен болатын.

Балауса сондай-ақ, ММА мен UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақ жауынгерлеріне де үнемі қолдауын білдіріп отырады. Мұны боксшы қыз сұхбат барысында кеңінен тарқатып айтып берді.

- Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?

- Дайындық өте жақсы жүріп жатыр. Осы аптада спаррингтер басталады, бұған дейін біз физикалық дайындықтан өттік: залда жаттығып, бокс мектебін қайталадық. Менің ойымша, біз жекпе-жекке жоғары дайындықпен барамыз.

- Усик пен Фьюридің жекпе-жегін тамашаладыңыз ба, қандай әсер алдыңыз?

- Ия, әрине, мен бұл жекпе-жекті тамашаладым. Бұл оқиғаны баршамыз күттік, менің айналамдағы адамдардың көбі Фьюридің жеңісіне сенді.

Бірақ, Усик өз боксын көрсетті. Ол өте жақсы дайындалған және Фьюриге қолын сермеуге кеңістік бермеді, соның арқасында 9-раундта Усик Фьюриді ауыр соққының астына алып, теңселтіп тастады. Иә, ауыр жекпе-жек болды, бірақ төрешілер әділ шешімін шығарды.

- Сіз кімге жанкүйер болдыңыз?

- Мен Усикті қолдадым, оның әуесқой бокста өте жақсы тәжірибесі бар, оған қоса ол Олимпиада чемпионы. Сонымен қатар, оның мықты стратегиялық және техникалық дайындығы бар. 

Әрине, көптеген адам, соның ішінде мен де Фьюри ірілігі, бойы мен салмағының арқасында Усикті жеңеді деп ойладық. Бірақ Усик бұл жекпе-жекте өзін көрсете алды.

- Бокс пен MMA-ны салыстыратындар көп. Сіз үшін бокс ММА-ден несімен артық?

- Бокс - дегеніміз классика.

- Сіз ММА, сол сияқты UFC жекпе-жектерін көріп тұрасыз ба? Онда сіз жанкүйер болатын біреу бар ма?

- Жоқ, мен ММА-дың жанкүйері емеспін, бірақ бәрібір әлеуметтік желілерде біздің файтерлерді бақылап, олардың жекпе-жектері қай уақытта болатынын қарап жүрем, тек солар үшін белсенді жанкүйермін. Ал, жалпы UFC-ді қарамаймын.

- Сізге жекпе-жекке қатысы жоқ қандай спорт түрлері ұнайды? Ол жақта кім үшін жанкүйерсіз?

- Жекпе-жектен тыс маған әйелдер теннисі ұнайды. Мен қазір кішкентай Айлиннің мансабын бақылап жүрмін, ол – менің жаттықтырушымның немересі. Оның ойыны мен табандылығы мені тамсандырады. Тіпті көз жасы келіп тұрса да, мойынсұнбай барлық қарсыласын жеңеді. Мен бұрын әйелдер теннисіне қатысып көрген емеспін, бірақ қазір Айлиннің арқасында бұл спорт түріне ғашық болдым.