Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі кіммен және қашан өтетіні ресми хабарланды

Редактор
30.05.2024, 23:35

Оның қарсыласы Ресейде туған жаңазеландиялық азулы боксшы болмақ

TopRank

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды.

Отандасымыз 13 шілдеде жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасатын болды. Жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді. 

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы рет рингке өткен жылдың қазан айында шыққан болатын. Ол кезде жерлесіміз неміс Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта жеңіп, IBF атағын тартып алды. 

Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Михайлович — Ресей тумасы, оны егіз бауырымен бірге Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар бір жарым жасында асырап алған.

26 жастағы боксшы мансабында алғаш рет Жаңа Зеландиядан тыс жерде өнер көрсетеді.