«Жиған ақшасы немерелеріне де жетеді»: Том Леффлер Головкиннің рингке шығуы екіталай екенін айтты

Редактор
13.11.2023, 10:02

Оның соңғы жекпе-жегі 2022 жылы күзде өткен болатын

Фото ашық дереккөзден

Америкалық boxingscene.com қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин туралы мақала жариялады. Онда GGG-дің шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі жайлы айтылған.

Алайда, боксшының нақты жоспарлары туралы ешқандай ақпарат жоқ.

«Головкин – толық қалыптасқан азамат. Ол бокстан кеткенін ресми қашан хабарлайды, сол күні оның есімі Даңқ залына жазылады. Біздің ойымызша, енді Головкинге де, оның балаларына да, келесі ұрпағына да ақша табу үшін жұмыс істеудің қажеті болмайды», – деп жазылған аталған мақалада.

Головкинге ұзақ уақыт промоутер болған Том Леффлер болса даңқты боксшының рингке оралуы екіталай дейді. Оған ешқандай себеп жоқ.

«GGG алдына қойған мақсатының бәріне жетті. Ол өте дәулетті. Рингке қайта орала ма – ол жағын өзі шешеді», – деді Леффлер.

Еске салайық, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың күзінде Жапонияда өткізген. Содан кейін ол рингке қайта оралған жоқ. Кейбір ақпарат көздері боксшының соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың соңында Қазақстанда өтеді деген мәлімет таратқан. Алайда, бұл ақпарат та расталмады.